Сәуірдің 17-сі мен 23-і аралығына арналған жұлдыз жорамал

Жаңа апта: «Қатігездікпен жеткен жеңіс — жеңіліспен бірдей, немесе ғұмыры қысқа». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.

 Тоқты

1 oven Тоқтылар осы аптада өздерін жігерлі және сенімді сезінеді. Сізге рухани күш бітіп, жұмыстарыңыз тез аяқталады. Сонымен қатар жұлдызнамашылар армандаудан жалықпауға кеңес береді.

 

Торпақ

2 telec Бұл аптада Торпақтар өмірін жұмыс пен қаржы мәселесі бойынша өзгерткісі келеді. Алға қойған мақсаттарға жету үшін тәуекелге бел буып, кезіккен қиындықтарға мойымаңыз.

 

 Егіздер

3 blis Егіздердің білім алуға құштарлығы оянады. Бұл жеке дамуға да, мансаптың өсуіне де байланысты болуы мүмкін. Біліміңізді арттырудан, үйренемін деген ойыңыздан бас тартпаңыз.

 

 Шаян

4 rak Осы аптада Шаяндарға эмоционалды тұрақтылықты сақтау қиын болуы мүмкін, әсіресе басқа адамдармен қарым-қатынаста. Сабырлы болып, түсіністікпен қарауға тырысыңыз.

 

 Арыстан

5 leo Арыстандар мақсаттарыңызды осы аптада нақтылап, жұмысқа белсенді болыңыз. Өзіңізбен жақындарыңызға жауапкершілікті алып, шаруаларды апта соңына дейін аяқтауға тырысыңыз.

 

Бикеш

6 virgin Осы аптада Бикештер өздерін шаршаңқы, көңілсіз сезінуі мүмкін. Жұздызнамашылар ойларыңызды жинақтап, алдымен маңызды жұмыстарға кірісуге кеңес береді. Денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз.

 

 Таразы

7 ves Таразылардың сенімсіздігі сейіліп, жаңа жобаларға күш-жігері пайда болады. Ойлаған ойыңыздың орындалуы үшін сабырлы болыңыз, барлық нәрсенің жағымды жақтарын табыңыз.

 

 Сарышаян

8 scorp Осы аптада Сарышаяндар аздап тежеліп, шаршап қалуы мүмкін. Қайта қуат жинау үшін өзіңізге біраз көңіл аударып,  демалыс беріңіз. Бұл жұмыстағы мақсаттарыңыз бен бағыттарыңызды қайта бағалауға жақсы кезең.

 

 Мерген

9 ster Мергендер бұл аптаны тек өзіңізге арнайсыз. Адамдарға тәуелді болмай, қалаған іспен айналысасыз. Алайда жұмыс пен жеке шаруа арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.

 

 Тауешкі

10 koze Осы аптада Тауешкілердің жұмысы бастан асады. Белгілі бір қиындықтарды жеңу үшін сізге көбірек уақыт пен күш қажет болады. Бірақ үмітіңізді үзбеңіз, сіз барлығына үлгересіз

 

 Суқұйғыш

11 voda Суқұйғыштар адамдармен әңгемелесіп, жаңа таныстық қажеттілігін сезінесіз. Бұл болашақта маңызды болатын байланыстарды кеңейтуге жақсы уақыт.

 

 Балықтар

12 ryba Бұл аптада Балықтар бөтен адамдармен қарым-қатынаста кейбір қиындықтарға тап болуы мүмкін.  Өзіңізді сабырға шақырып, оларға түсіністікпен қараңыз, шешілмейтін мәселе болмайды.