Сәуірдің 24-і мен 30-ы аралығына арналған жұлдыз жорамал
Жаңа апта: «Өлімнен емес, бос өткен өмірден қорқу керек». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.
Тоқты
Осы аптада Тоқтылар адамдармен қарым-қатынаста тұрақсыздықты сезінуі мүмкін. Сезімге берілмей, бәрін ойланып жасаңыз. Жұмыста күтпеген жағдай болып, өзгерістер енеді.
Торпақ
Торпақтар үшін бұл апта тыныш өтпек. Жобаларыңызды аяқтап, жаңа іспен айналысасыз. Өмірде тепе-теңдікті сақтау үшін достарыңыз бен отбасыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Егіздер
Бұл апта Егіздер үшін өзгерістер уақыты болмақ. Сіз қиын жағдайларға тап болуыңыз мүмкін, бірақ бұл сізге күш береді. Есіңізде болсын, бір жамандық келсе, артынан мол жақсылық келеді.
Шаян
Осы аптада Шаяндардың шығармашылыққа шабыты ашылады. Жаңа хобби іздеп, өзіңіздің қабілеттеріңізді шыңдайсыз. Сонымен қатар спорт пен дұрыс тамақтану туралы да ұмытпаңыз.
Арыстан
Арыстандар үшін сәттілік пен жетістік аптасы болмақ. Жаңа жобаларыңыз сізді танымал етпек. Осы уақытты мүмкіндіктеріңізді дамыту және жаңа таныстықты кеңейту үшін пайдаланыңыз.
Бикеш
Осы аптада Бикештерге тек мақсаттарына назар аударуы керек. Жеке тапсырмаларыңызға басымдық беріңіз және оларды кідіріссіз орындаңыз. Барлығы іске асу үшін болашақ жоспарлар тізімін жасаңыз.
Таразы
Таразылар үшін бұл апта стрессті болуы мүмкін, сондықтан уақытыңыз бен энергияңызға мұқият болуыңыз керек. Жанжалдардан аулақ болып, адамдарға түністікпен қараңыз. Күнделікті жұмыстардан үзіліс жасаңыз және өзіңізге уақыт бөліңіз.
Сарышаян
Сарышаяндарға күннің тұтылуы әсер етіп, осы аптада қиындықтарға тап болуы мүмкін. Өйткені сіздің өміріңізге өзгерістер келеді. Осы уақытты пайдаланып, жаңа шешімдерді қабылдаудан қорықпаңыз. Позитивті болып, жаңа мүмкіндіктерге ашық болыңыз.
Мерген
Осы аптада Мергендер дағдылары мен білімін дамытуға назар аударуы керек. Жаңа нәрселерді үйреніп, басқа жақтан тануға тырысыңыз. Бұл жұмыста жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына көмектеседі.
Тауешкі
Тауешкілер үшін денсаулық аптасы басталмақ. Жұмыстан үзіліс алыңыз және демалып, энергияны қалпына келтіруге көмектесетін нәрселермен айналысыңыз. Шабытыңыз оянып, жаңа жобаларға жол ашылады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар осы аптада жақындарыңыз бен достарыңыз арасындағы қарым-қатынасқа назар аударуыңыз керек. Көмек сұраған жандардың бетін қайтармаңыз. Жаңа танысу мүмкіндіктеріне ашық болыңыз.
Балықтар
Бұл аптада Балықтар рухани дамуға назар аударуыңыз керек. Йога, медитациямен айналысып, ішкі даму жолдарын іздеңіз. Сондай-ақ жаңа оқу, білімге құштарлығыңыз оянады, бұл сізге қаржылық және мансаптық өсуге көмектеседі.