АБОРТ. Әйелдің құқығы ма, әлде ауыр күнә ме?

  Консервативті қоғамда қызға қойылатын міндет жетерлік. Соның бірі – дүниеге бала әкелу. Дегенмен ол қаламаған жүктілік болса, аборт шешім бе? Оның салдары қандай болмақ? Кезекті шығарылымда екі ұрпақтың пікірін тыңдап, ой түзейік!

Бодипозитив: жалқаулық па, әлде өзіне деген махаббат па?

  Сән әлемінің қоғамға жүргізер ықпалы орасан зор. Көбіне адамдар сол стандартқа сай болу үшін пластикалық отадан бастап, қатаң диеталарға дейін жүгінуі мүмкін. Өкінішке қарай, салдары әрдайым оң емес. Әйтсе де сән әлемінің стандарттарын елемей, «өзіңді қабылдау маңызды» деген ұранмен қоғамымызда жаңа қозғалыс «Бодипозитив» дамуда. Өз денесіне көңілі толмайтын арулар мен жігіттер үшін бодипозитив өзін ақтап алу ма, әлде шынайы ұстаным ба?

Қызға 40 үйден тыйым немесе «бостандық» феномені

  Қызға қырық үйден қойылатын тыйым, күтілетін үміт пен қатаң талаптар, әдет-ғұрып тағы бар. Ұлттық нақышты сақтап, көненің көзін жалғастырған дұрыс па, әлде заманауи көзқараста болып, қыз балаға еркіндік берген ұтымдырақ па? Бұл бүгінгі шығарылымның сұрағы.