Бодипозитив: жалқаулық па, әлде өзіне деген махаббат па?
Сән әлемінің қоғамға жүргізер ықпалы орасан зор. Көбіне адамдар сол стандартқа сай болу үшін пластикалық отадан бастап, қатаң диеталарға дейін жүгінуі мүмкін. Өкінішке қарай, салдары әрдайым оң емес. Әйтсе де сән әлемінің стандарттарын елемей, «өзіңді қабылдау маңызды» деген ұранмен қоғамымызда жаңа қозғалыс «Бодипозитив» дамуда. Өз денесіне көңілі толмайтын арулар мен жігіттер үшін бодипозитив өзін ақтап алу ма, әлде шынайы ұстаным ба?