
Маусымның 8-14-і аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен Абай облысындағы Батпай орманшылығының "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы орман алқабындағы табиғи өртті жою кезінде өз міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалімен әуе кемесінің командирі Станислав Юзликеев, бортмеханик Игорь Пак және В2 авиатехнигі Асхат Әбілов марапатталды.