Зияткерлік ойын Астанада Қазақстанның түкпір түкпірінен 60 команда жинайды

"Aqyl Battle Cup" зияткерлік ойынының финалына әр аймақтан 3 команда келеді. Ел өңірлерінде "Aqyl Battle Cup" ойынының соңғы кезеңіне қатысатын қатысушылардың есімдері анықталды. Интеллектуалды ойынның финалына 14 пен 35 жас аралығындағы 180 жас қатысады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қарағанды облысындағы жылу беру маусымына дайындықты тексерді

Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі PRIMEMINISTER.KZ сайтына сілтеме жасап.

Алматыда қараусыз қалған мысықтар үшін арнайы үйшіктер орнатылып жатыр

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға арналған үйшіктер орнатылуда. Бұл ретте Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарында қараусыз қалған жануарларға қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қыз алып қашуға жаза күшейтіледі

Қазақстанда қыз алып қашу әрекетіне жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі мәліметінде айтылған, деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі.

Үкіметте Мемлекет басшысының Астананы дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі PRIMEMINISTER.KZ сайтына сілтеме жасап.

Отбасы банкі "Жас отбасы" бағдарламасының артықшылығын түсіндірді

"Жас Отбасы" бағдарламасы жас отбасыларға тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Неке қию мерзімі 5 жылдан аспайтын және бастапқы жарнаны кемінде бір жыл жинақтаған жас отбасыларға ипотека тек жылдық 6 пайызбен беріледі. Бұл алғашқы екі жылдағы ставканың мөлшері ғана, содан кейін несие мөлшерлемесі 5 пайызға (ЖТСМ – 5,1%) дейін төмендейді. Бұл туралы Отбасы банкінің Instagram парақшасында жарияланды.

«Техникалық байқау» құжаты биыл цифрлы форматқа ауыстырылады

Қазақстанда күзге дейін "техникалық байқау" құжаты цифрлы форматқа көшіріліп, енді көлік жүргізушілеріне құжаттың қағаз нұсқасын бірге алып жүру міндеттелмейді. Бұл туралы QLIFE.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.