Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі

ҚР Үкіметі орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезінде қосымша қорғаныспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов қол қойды, - деп хабарлайды QLife.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Qlife.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Премьер-Министр Инвестициялық штаб отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді, оның барысында инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік заттай гранттар түрінде жер телімдерін беру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Qlife.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ҚР Үкіметі өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, - деп хабарлайды QLife.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады

2023 жылғы 26 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкімет үйінде өткен жедел кеңесте жекелеген өңірлердегі қалыптан тыс ыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуалдың ауқымы мен мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары талқыланды.