Елімізде ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Елімізде ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Осы аптада Францияның Страсбург қаласында Еуропарламенттің көшпелі сессиясы өтіп жатыр, онда басқа заң жобаларының қатарында "табиғатты қалпына келтіру" туралы заң қаралады. Бұл заң жобасы Еуропарламенттің негізгі фракциялары арасында бірнеше ай бойы қызу пікірталас тудырды. Қарастырылып отырған нормалар 2030 жылға қарай ЕО-да құрлық пен теңіз бетінің кем дегенде 20% табиғи күйіне қайтаруды, климаттың өзгеруіне қауіп төндіретін биоәртүрлілікті сақтап, көбейтуді заңды түрде белгілейді.
Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған, - деп хабарлайды Qlife.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 8% - ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді. "Алдын ала қорытындылар бойынша, 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар айналымы 8% - ға өсіп, 55,8 млрд АҚШ долларын құрады", - деді Әлібек Қуантыров.
Баян-Өлгийде қандастардың IV кіші құрылтайы өтті, деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысына шегірткеге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін барды. Ақтөбе облысында шілденің 8-нен бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жүр, - деп хабарлайды Qlife.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Биылдан бастап энергия көздерінің жабдықтарын кешенді жаңғырту, сондай-ақ электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл апаттар санын азайтуға және жалпы ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі PRIMEMINISTER.KZ сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғынының Тұщы су тапшылығына қатысты өтінішіне назар аударды. Мемлекет Басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Үкіметтің хабарлауынша, бүгінгі таңда аймақтағы су тапшылығы ең маңызды мәселелердің бірі. Тәулігіне шамамен 77 200 м3 құрайтын ауыз судың жетіспеушілігі әсіресе жаз мезгілінде айқын көрінеді.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабта қолайлы оқу жағдайлары бар 1.5 млн оқушы орнын ашу мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Qlife.kz тілішісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.