Елордада балалар арасында қызылша ауруы тіркеле бастады

Қалада балалар арасында қызылша ауруы анықтала бастады. Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім бастығының орынбасары Жанна Пралиеваның айтуынша, ата-анасының қарсылығына байланысты науқас адамдардың барлығына екпе салынбаған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Сағындықова БҰҰ-ға Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары туралы хабарлады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының 16-шы сессиясы жұмысын бастады. Конференцияға 131 елдің, оның ішінде Қазақстанның өкілдері қатысады. Қазақстандық делегация құрамында Парламент депутаттары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бар. Олар еліміздегі мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың қоғамға әлеуметтік кіріктіру бағытындағы іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың қорытындылары туралы мәлім етті.

«Бурабай» курортының аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жабдықталды

Туристік маусым қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жабдықталды, деп хабарлайды QLIFE.KZ Президент Іс басқармасының баспасөз бөліміне сілтеме жасап.

Елордада Astana Half Marathon жартылай марафоны өтті
Астана қаласында екінші мәрте жүгіруден жартылай марафон өтті. Жарыс EXPO халықаралық көрмесінен басталып, әлемнің 20-дан астам елінен 6000-ға жуық желаяқ Астананың көрнекті Ботаникалық саябақ, Ұлттық музей, Тәуелсіздік сарайы т.б жерлерін жүгіріп өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада шағын және орта бизнесті Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинар-кеңес өтті

Бүгін, Астанада өткен кездесуде шағын және орта бизнес өкілдеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бизнесті қаржылай емес қолдау шаралары туралы айтылды.Мемлекет кәсіпкерлерге ұсынатын өзекті құралдармен кездесуге қатысушыларды Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, елорда әкімдігінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» Қорының, Astana корпорациясының, «Аграрлық кредиттік корпорацияның», Kazakh Tourism, Kazakh Export компанияларының және қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Риддер ЖЭО қарыздары шамамен 3,3 млрд теңге

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңір бойынша алғашқы сапарын өңірдегі ең маңызды нысандардың бірі - "Риддер ЖЭО"  АҚ жұмысымен танысудан бастады. Онда жылу орталығының басшылығымен және жөндеу жұмыстарына тартылған мердігер ұйымдармен кеңес өткізді.

Еңбекминінің жобалық кеңсесі Ұлттық біліктілік жобасын дамыту бойынша оқыту жүргізеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі ҰБЖ дамыту тақырыбы бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардың өкілдерін оқытуды жалғастыруда. Кезекті семинарда қаржы, төтенше жағдайлар, әділет, оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері тыңдаушылар болды.

Еңбек министрлігі 352,6 мың қазақстандыққа жұмысқа орналасуға көмектесті

Маусымның 1-індегі бойынша деректерге сүйенсек,  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 352,6 мың адам қамтылды. 233,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 100,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.