Елде азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

  Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 10,6%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жазылған.

Қазақстандағы 16 жоғары оқу орны халықаралық Times Higher Education рейтингіне енді

  Отандық 16 жоғары оқу орны халықаралық Times Higher Education рейтингісінен орын алды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Азия университеттері альянсының форумында белгілі болды.  Халықаралық форумды ашқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазіргі уақытта өңірлік бірінші сыныпты университеттерді қайта құруға бағытталған бірнеше бастаманың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Самокаттардың қозғалысын шектейтін түзетулер мақұлданды

  Парламенттің төменгі палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады.

Химия пәнінен оқушылар арасында 57-халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды

  1-6 мамыр аралығында Елордада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Оған Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан секілді  21 елдің өкілдері қатысты. Командалар құрамы Ұлттық химиялық олимпиадалардың қорытындысы бойынша анықталды. Еліміздің намысын 15 бала қорғап, Қазақстан құрамасының қоржынына екі күміс,10 қола медаль түсті.

Қазақстанда жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа бағдарламалар әзірленбек

  Елдің бірқатар өңірінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 5 пайыз жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.

Дипломмен ауылға" жобасы бойынша көтерме жәрдемақы өседі

  "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақының көлемі артуы мүмкін. Бүгінгі күні жәрдемақының мөлшері 241 500 теңгені құрайды. Ұлттық экономика министрінің "Дипломмен – ауылға" жобасына қатысушыларға көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұйрық жобасына сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылып отыр. Бұл 2023 жылға арналған АЕК мөлшерін есепке алғанда 345 мың теңге болады.