12 маусым - Абай облысында өрт салдарынан қаза тапқандар үшін Жалпыұлттық аза тұту күні

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватында жаппай өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Т. Оспанқұлов мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің (бұдан әрі – ЕӘҚК) төрағасы Төлеген Оспанқұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымды бейімдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды

Қазақстандықтардың арызынан кейін  Air Astana компаниясынан заң бұзушылықтар табылды. Негізігі себеп, билет бағасының қымбаттығында және сұраныс кезіндегі тарифтің көтерілуінде.

Қостанай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жәбірленушілерге 36 млн теңгеге жуық қаржы қайтарды

Қостанай облысының аумағындағы "Qnet LTD" құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін әзірледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақы  мөлшерін айқындау әдістемесінің жобасын дайындады. Ең төменгі жалақы мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалатын болады.