Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Екі үміткер 140-тан 133 ұпай жинады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Екі үміткер 140-тан 133 ұпай жинады.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау арқылы көмектің заттай түрін ақшалай түрге ауыстыру арқылы қол жеткізілді.
Өңірлік ЖЭО және басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде ҚР Үкіметі Көкшетау қаласының қазандықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өз резервінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Израилдік стартап шахмат ойнауды енді бастаған немесе үйренгісі келетіндер үшін GoChess жобасын ұсынып отыр. Бұл гаджет-ойынды смартфон мен өзге де құрылғыларға жалғауға немесе қосуға болады. GoChess-тің бірінші ерекшелігі - интерактивті жарқыраған тақта.
Биыл оқу жылын 3,7 млн-нан астам қазақстандық мектеп оқушысы аяқтайды. Бұл көрсеткішті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын 11,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 6,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 3,6 мың адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 895 адам, жастар практикасы арқылы 50 адам жұмысқа орналастырылды. Оқытумен 66 адам қамтылды, 246 АӘК алушыға кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдем көрсетілді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен оның орынбасарлары ресми түрде жаңа лауазымға ұсынылды.
Қарағанды қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Ақнұрай Амангелді Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі негізінде «Білім батл» үстел ойынын құрастырды. Аталмыш шығарма жалпы орта және Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген.
Бүгін Мәжіліс депутаттары «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түзетуді мақұлдады.
Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың мемлекеттік сапары аясында қызметтер мен инвестициялардың еркін саудасы туралы келісімге қол қойылды.
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауының бірі – International Science and Engineering Fair-дан жүлделі II орынмен оралды. Ол «Математика» секциясы бойынша «L-тромино-плиткалары» жобасын ұсынды, сондай-ақ 1000$ көлемінде сыйақы еншіледі.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері мамырдың 19-ына ауа райы болжамын ұсынды. Олардың айтуынша, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, кей өңірлерде бұршақ жауып, жел соғатынын болжады.