Орталық сайлау комиссиясында наурыздың 19-ы күні өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларына арналған отырыс өтіп жатыр.
Орталық сайлау комиссиясында наурыздың 19-ы күні өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларына арналған отырыс өтіп жатыр.
70 мыңға жуық шетелден әкелінген көлік заңдастырылды.
Елордада Астана-Аренада өткен ойынның 24 минутында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов сол қанаттан әуелеткен допты голға айналдырды. 1-таймдағы жалғыз гол алаң иелерін үзіліске дейін жеңімпаз етті.
Биыл Наурыз мерекесін «Хабар» телеарнасыерекше атап өтеді.
Елде бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Аружан Смайл билейтін робот жасап шығарды. 5-сынып оқушысы Оқушылар сарайында робототехникадан үйірмеге қатысады.
Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасова еліміз бойынша бұл ойынның танымалдылығын арттыру үшін атқаралып жатқан жұмыстар мен жоспарын баяндады. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.
Финляндия алты жыл қатарынан Дүниежүзілік бақыт рейтингінде (World Happiness Report) бірінші орынды иеленді. Қазақстан 137 елдің арасында 44-ші орында.
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Нормативтік құқықтық актілер сайтында «Үй жануарларын ұстау және серуендеудің қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа түзетулер енді.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 168,7 млрд теңге. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 295 мың адамды құрайды.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды. Сайлаушылардың жалпы саны 12 132 адамды құрады. Дауыс беруге шетелдегі 8800 Қазақстан азаматы қатысты.