Елде 1 қыркүйектен бастап мектеп бағдарламасы өзгеруі мүмкін

  Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үлгілік оқу жоспарларына енгізілетін өзгерістерді дайындады. Тиісті бұйрық сәуірдің 24-іне дейін қоғамдық талқылаудан өту үшін www.legalacts.egov.kz   сайтында жарияланған.

Microsoft Қазақстанда хаб ашады

  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Сан-Францискодағы (АҚШ) Бас консулдығы бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде еліміздің аумағында Microsoft корпорациясының көпаймақтық хабы ашылмақшы.

Онлайн нотариус қызметі іске қосылды

  Енді eGov мобильді қосымшасында нотариалдық қызметтер алуға болады.  «Цифрлық нотариат» мемлекеттік қызметі жайлы ҚР Цифрлық даму министрлігі хабарлады.

«Қолдау» платформасынан қалған 5 млрд теңгеден астам субсидия фермерлерге төленбеген

  Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша «Қолдау» платформасынан қалған 5 млрд теңгеден астам инфестициялық субсидия шаруаларға төленбеген. Бұл туралы брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры Бернат Алпамысов мәлімдеді.

Қарағандылық спортшы рекорд орнатты

  Қарағанды ​​облысы Саран қаласының спортшысы Ксения Игнатова жүзуден бес алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд орнатты.